«Таза Қазақстан»: 2024 жылдың қорытындысы
Биыл іске қосылған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында елдегі саябақтардың барлығы қоқыстан арылды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың 98%-і тазартылды. Ал өнеркәсіп және бизнес нысанының 61%-і экологиялық акцияға атсалысқан, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасында 3,5 млн адам белсенділік танытты. Шығарылған қоқыстың мөлшері 1 млн 400 мың тоннаны құрапты. Сонымен бірге, қала, аудан, ауылдарда 3 млн түп көшет отырғызылды. Тұрғын үй аумағы мен ауласын тазартуға атсалысқандар көп. Әсіресе Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Түркістан облыстарында жоспарлы жұмыс 100%-ке орындалған. Осылайша, елдегі 1 млн 700 мыңнан астам аула тазаланды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған экологиялық бағдарлама сәуірден бері жүзе асырылып келеді. 2029 жылға дейінгі мемлекеттік тұжырымдама экологиялық сананы қалыптастыруды көздейді.