Hi-Tech. Web Summit - 2017

Web Summit шарасында ысырапшылдыққа жол бермеуге арналған мобильді құрылғы таныстырылды. Еуропа мен Солтүстік Америкада супермаркет пен мейрамханада артылған тамақ көптеп қоқысқа тасталады екен. Сондықтан осы жағдайдың алдын алу үшін ғалымдар Karma мобильді сервисін ойлап тапқан. Құрылғыны қолданушы далаға тасталатын тамақ бар екенін жазуы тиіс. Ал хабарламаны көрген адам, аталған бағдарламаның көмегімен тамақты арзанға не болмаса тегін алып кете алады.