Ақылды қала. 3000 орындық «Халық Арена» спорт кешені

Алматыда өткізілетін XXVIII қысқы «Универсиада-2017» ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Дүбірлі додаға деген дайындық пысықталып, спорттық нысандар қолданысқа берілген. Соның бірі «Халық Арена» спорт кешені. 3000 жанкүйерді еркін сыйғызатын мұз айдынының құрылысына мамандар көбіне отандық материалдарды қолданды. Сондай-ақ ол қазіргі заманғы жарық және дыбыс құрылғыларымен жабдықталған. Мұз айдынында біз білмейтін тағы қандай ерекшеліктері бар? Мұндағы «ақылды» құрылғылар қалай жұмыс істейді?