Ақылды қала. Астананың бас жоспары қалай жасалды?

forums.spacebattles.com

Бас жоспар кез-келген қала үшін үлкен маңызға ие. Оны шаһардың құжаты десек те болады. Құрылыс пен оның сәулетті композициясы осы жоспарға негізделеді. Сондықтан оларды жасаушылардың білімді де, білікті маман болуы шарт. Астананың жобасы сызылғанда да осыған аса мән берілді. Үлкен байқау жарияланып, үздігі таңдалды. Бүгін біз «ақылды» қаланың өсу жолы мен іргесі 2007 жылы қаланған қаланың бас жоспарын дайындайтын мамандандырылған ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен танысамыз.