Ақылды қала. Көлік кептелісін азайтатын «Tezway» жобасы

www.slideshare.net

Отандық өнертапқыштар ойлап тапқан бұл қосымша арқылы сіз өз бағытыңызда бірге баратын жолсерік таба аласыз. Бұл қаладағы көлік кептелісін шешуге мүмкіндік береді дейді мамандар. Аталмыш жүйе бірнеше бағытта жұмыс істейді. Біріншісі бір қала ішіндегі жол қатынасы болса, екіншісі екі қала арасындағы қатынас. Бұл жұмыстардың барлығы үлкен мегаполистердегі адамдар өмірін жеңілдетуге бағытталған. Бүгінгі шығарылымда біз Алматы қаласындағы жолаушы мен көлік жүргізушісі үшін тиімді осы жоба мен  ерекше «ақылды» аялдамаға тоқталамыз.