Ақылды қала. Smart модуль

Осы күні еліміздің өнертапқыштары адам өмірін жеңілдету үшін біраз жұмыстар атқарып жатыр. Олар ойлап тапқан инновациялық  құрылғылар қауіпсіздік жағын да қарастырады. Сондай жаңашылдықтардың бірі – «ақылды» модуль. Ол үйдегі судың, газдың, электр энергиясын есептейтін құрылғылардың көрсеткішін бір жүйеге негіздеп, тұтынушыға көрсетеді. Smart модульдің тағы қандай ерекшелігі бар? Бүгінгі шығарылымда толығырақ таныстырамыз.