Тексердік! Алматы қаласының көлік жүйесі

Алматылықтар күнделікті кептелістен ал-дал болып, әуре-сарсаң күйге түсіп жүр. Көлік жүргізушілердің жанайқайы жетім қыздың тойындай. Олардың өтінішін елейтін ес білетін адам жоқ. Бір сағат бір көшеде тұрып қалатын темір тұлпар иелерінің өкпесі қара қазандай жергілікті билік өкілдеріне. Оңтүстік астананың көлік жүйесіндегі реформа неге жеке көліктер үшін ыңғайсыз? Біз мұны тексердік.