Тексердік! Мектеп асханасы

Бала денсаулығы - ұлт болашағы. Ересектерді айтпағанда, енді ғана буыны қатайып келе жатқан бүлдіршін дұрыс тамақтанбаса, түрлі дертке шалдығары сөзсіз. Үйде бала дәрумендері бар, ақуызға толы тамақ ішеді делік. Ал мектеп асханасында берілетін асты кім қадағалап отыр? Бүгінде көп білім ошақтарында майонез бен майларға қаныққан тағамдар таратылып, түскі ас қалыпты мөлшерден аз беріледі. Ата-аналар, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері һәм санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі бастаған бір топ Астанадағы және оның іргесіндегі мектептердің асханаларын тексерді. Олардың артынан ілесіп, біз де тексердік.

Сондай-ақ...