Тексердік! Жедел жәрдем қаншалықты жедел жетеді?

Жедел жәрдем жылдам бармайды деп шағымданатындар көп. Сөйтсе, мұндай бригадалар жағдайы нашар науқастар, яғни адамның өміріне не денсаулығына қауіп төнген жағдайда соларға бірінші болып жетеді. Ал бұдан басқа жағдайда олар сәл ұзақтау жүреді. Бірақ бұдан 103 көлігінің жүретін уақыты азаймаса, еш көбейген жоқ, деп сендіреді мамандар. Бұған көз жеткізу үшін бүгін біз жедел жәрдемнің қаншалық жедел жететінін тексердік.