Тексердік! Уақытша үй-жайларда өрт қауіпсіздігі ережелері қаншалықты сақталған?

Күні кеше ғана Астанадағы Көктал-1 шағын ауданында лашық үй жанып күл болып, гүл болған қаршадай қыздарымыз қаза тапты. Қайғылы оқиға бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Отқа оранған қуықтай бөлменің аумағы жарты алақандай ғана. Осындай уақытша үй-жайлар қаншама бас қалада. Қаншасында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталған? Біз жер үйлерді аралап, осы мәселені тексердік!