Тексердік! Күнделікті тұтынып жүрген көкөністер қаншалықты қауіпсіз?

Күнделікті тұтынып жүрген жеміс-жидек, көкөністер қаншалықты қауіпсіз? Қазір бұл сауалға жауап берерде қай-қай­сы­мыз да күмілжіп, кі­бір­тіктеп қалаты­ны­мыз белгілі. Өйткені тез бұзылатын бұл өнімдердің жарамдылық мерзімін ұзарту үшін тауарөндірушілер небір қитұрқы айла-амал жасайды. Яғни, бірінші кезекте адам денсаулығы емес, қал­та қампайтар табыс жағы қаралатыны белгілі. Сол себепті бүгін біз нарықтағы тағам өнім­де­рі­нің қауіпсіздігін тексердік.