Тексердік! Елорда балабақшаларындағы санитарлық тазалық

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі былтыр 5 мыңға жуық мектепке дейінгі білім беру мекемесінің асханаларын тексеріп, 4 мыңға тарта бұзушылықты тапқан екен. Атап айтқанда, азық-түліктің жарамдылық мерзімінің өтіп кеткенін, тамақтандыру орындарының санитарлық нормаларға сай келмейтінін, өнімдерді сақтау талаптарының сақталмағанын және осы секілді көптеген кемшіліктерді анықтады. Біз бұл жолы елордамыздағы бірқатар балабақшаларға барып, мұндағы асханаларды тексердік.