Тексердік! | Ауылдағы жолдар

Шалқарға көлікте шалқайып бара алмайсың. Ақиқатын айту керек, бұл ауылға барып жатқан да ешкім жоқ. Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан 700-ден астам халқы бар елді-мекенге жету - азап. Өйткені, жолдары өте нашар. Қорғалжын тас жолы мен ауылдың екі ортасы небәрі 22 шақырым. Бірақ, бұл қашықтықты еңсеру оңай емес, дейді жергілікті тұрғындар. Бұл сұрақпен олардың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. 

Ал біз олардың мазалаған мәселесін тексердік!