Тексердік! І Орталық жол ауруханасы

Бұл ғимаратқа бір қарағанда соғыстың салдары ма деп қаларсыз. Бірақ олай емес. Тіпті қараусыз жатқан ғимарат емес. Бұл Елорданың оң жағалауында орналасқан Орталық жол ауруханасы. Бүгінде бұл жерде науқастар ем алады. 800 тарта медбике, дәрігер және басқа да қызметкерлер жұмыс істеп жүр. Міне, осындай жағдай жасалған оларға. Енді денсаулық ошағының келешегі не болмақ? Бүгін біз осы мәселені Тексердік. Мен, Жасын Біркенов. Кеттік!