Үш ауысымда оқуға мәжбүр оқу ордалары пандемия кезінде қалай білім беруде? | Тексердік!

Бүгінде еліміздегі мектептерде 225 мың орын тапшы. Өртеніп тұрған өзекті мәселенің кілтін таппасақ, 2025 жылға қарай 1 млн орынға зәру болып қалуымыз мүмкін. Бұл сұрақты шешу үшін 1 мың білім ошағын салу керек деп жақында Президент жолдауында шегелеп айтқан еді. Сонымен біз үш ауысымда оқуға мәжбүр оқу ордаларының біріне барып, пандемия жағдайында оқушылар қалай білім алып жатқанын көріп қайттық. Бұл туралы толығырақ «Тексердік» бағдарламасында айтамыз.