Утиль алым мәселесі | Тексердік!

«Шабатын көлік күй тілейді» демекші, кім көліктің тәуірін міңгісі келмейді. Мен де, сіз де қадірлі көрермен тозығын емес, шекара асып келген озығын тақымға басқымыз-ақ келеді. Бірақ сол баяғы біраққа тіреледі. Қалта көтере бермейді. Оның үстіне жасыратын несі бар онсыз да бағасы у-дай болып тұрған автонарықтың төлемдері мен алымдарының тізімін оқып отырып-ақ айнып қаласың. Әңгіменің төркінін түсінген боларсыздар, бүгінгі шығарылымда қоғамда қызу талқыланып жатқан утиль алым мәселесін жіліктеп, тексереміз.

«Тексердік!» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.