Жол бойында көрсетілетін қызмет сапасының деңгейі қандай? | Тексердік!

Қазақстанда жол бойында қызмет көрсету қай деңгейде? 25 мың шақырым республикалық жолдың бойында дәретхананың неше түрін көресіз. 72 жастағы Ұлытаулық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашев күллі қазақ даласын жаяу аралап жүр. Ақсақал көтерген бірінші мәселе осы. Даладан дәретхана табу мұң. Тамақтану орындары сирек. Оның үстіне жолдың мәселесі де оңып тұрған жоқ. Сәрсенбай Қотырашев өз саяхатын аяқтағаннан кейін осы олқылықтарды президентке кіріп айтқысы келеді. «Тексердік!» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы мәселені көтермек.

«Тексердік!» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.