Бұл орталықта транспорт саласының мамандарын оқыту осыдан 2 жыл бұрын қолға алынды. Бүгінге дейін 4 мыңға жуық қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары, полиция қызметкерлері және өзге де мамандар біліктіліктерін арттырды. Тіпті автопарк жетекшілеріне де осы мекемеде жаңа жобалар таныстырылады. Мамандар тек жол жүру ережесінен ғана емес, психофизиологиялық дәрістен де сабақ алады. Себебі олар психологиялық тұрғыдағы түрлі оқыс жағдайларға дайын болуы тиіс. Бас қаладағы көлік саласына енгізіліп жатқан қызмет көрсетудің жаңа технологияларын да осы жерде меңгереді. Оның ішінде жаңадан енгізілмек электронды төлем жүйесі де бар. Оқу бағдарламасының қалай жүзеге асатынын бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.