Табандылығы мен ұстанымы зерек Айару

«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері №145 мектеп-гимназияның 4 сынып оқушысы Айару Әбдімәлік. Айару да ерекше білім беруді қажет ететін көптеген балалар сияқты дәрігер болуды армандайды. Бәлкім оның себебі бұл бүлдіршіндердің кішкентайынан емханада көп уақыт өткізгенінен шығар. Десе де, жалпы білім беретін мектепте өзімен жасты балалармен білім алып, қоғамның беделді мүшесі болуды мақсат еткен Айарудың болашаққа жоспарлары таңқалдырады әрі тамсандырады.