Білімге деген ынтасы мен ұмтылысы биік Әдия
«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – Әдия Тоқтарбек. №206 мектеп-гимназияның 2 сынып оқушысы. Оның оқуға деген ынтасы тамсандырады. Бәлкім, осы мектептің жоғары сыныбында оқитын ағасынан үлгі алып жүрген болар. Қасындағы сыныптастарынан қалмауға тырысып кітапханаға да, асханаға да барып, қоңырау соқса, жүгіріп дәлізге шығады. Ол достарының көп болғанын армандайды.