«Өте талантты бала». Болашақ жазушы Арсен

«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері - болашақ жазушы Арсен. Ол Алматы қаласындағы №63 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы. Бұл мектептен талай талантты түлек ұшып шыққан. Ал 2016 жылдан бастап мектепте инклюзивті кабинет іске қосылды. Содан бері ерекше білімді қажет ететін балалар саны арта түсті. Бүгінде инклюзивті білімнің нәтижесін ұстаздармен қатар ата-аналар да көріп дән риза.