Үнемі ізденісте жүреді. Талабы таудай Арсен

«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері - Қанат Арсен. Алматы қаласындағы №63 жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы. Мінезі ашық-жарқын бүлдіршіннің оқуға деген құштарлығы таңқаларлық. Талабы таудай оқушыға мұғалімдері де дән риза. Оған оқу бағдарламасын барынша танымдық ойын түрінде жеткізіп үнемі қызықтырып отырады.