Болашақ архитектор Алдияр

«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері - Алдияр Нұрбота. Ол №94 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы. Алдияр болашақта еліміздің көрікті ғимараттарын салатын мықты құрылысшы, белгілі архитектор болуы ғажап емес. Өйткені ол нөмірі №94 мектеп-гимназияда құрдастарымен тең деңгейде білім алып жатыр. Әр балаға қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беру инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты.