Инклюзивті білім беру: Әмір Мақсұттың хикаясы

Баласының денсаулығына байланысты жұмысқа көп уақыт бөле алмайтынын түсінген сәттен бастап Әмірдің анасы еліміздегі мықты архитекторлардың бірі болғанына қарамастан, мамандығын ауыстырып, қосымша білім алып, бүгінде ұлы оқитын №94 мектеп гимназияда педагог-ассистент болып жұмыс істейді. Әмір үнемі анасының көз алдында, содан болар, ол мектеп бағдарламасын өте жақсы меңгеріп, мықты нәтижеге қол жеткізіп отыр.