Талабымен, талантымен талайды тәнті етіп жүрген Абдуллатиф

«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері - Абдулатиф Таткенов. №65 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы. Мектеп – баланың өрісін кеңейтіп, өмір кетігін тауып кірпіштей қалануына септігін тигізетін баспалдақ. Ал баланың қарым-қабілеті, өнер-өнегесі мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ байқалады. Талабымен, талантымен талайды тәнті етіп жүрген Абдуллатифтің өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын ол болашағынан көп үміт күттіреді.