Инклюзивті қоғам: мектептерде ерекше балаларға қолайлы орта құрылған
Қоғам баршаға тең болу керек деген ұстанымның астарында дәл осы ерекше қажеттілігі бар жандарға көмек көрсету де жатыр. Осы орайда соңғы жылдары еліміз инклюзивті қоғам құруда біраз мәселені көтеріп, алға тартып жүр. Оның ішінде ерекше балаларға ерекше білім беру мәселесі турасында талай бағдарлама іске асты.