Инклюзивті білім: Баланың өмірін өзгерту үшін оны қолдайтын орта керек
Инклюзивті білім беру – өте сан қырлы ұғым. Ол тек баланың мектепке келуі емес, оған түсіністікпен қарап, жанынан табыла білу. Мединаның анасын мектеп директорының қолдауымен педагог-ассистент ретінде қабылдау – соның бір дәлелі. Бұл – мектептің инклюзивті білім беруге жай сөзбен емес, нақты іспен дайын екенін көрсететін маңызды қадам. Кейде бір баланы түсіну – тұтас жүйенің өзгеруінен басталады.