«Өскенде мұғалім болғым келеді». Айымның инклюзиядағы жетістігі
Ұстаздың қолдауы баланың мектептегі жолын айқындаса, сол ортаның ажырамас бөлігі – сыныптастары. Айым үшін мектеп білім алатын орын ғана емес, өз ортасын танып, қарым-қатынас құрып, күн сайын жаңа қырынан ашылатын кеңістік. Оның әрбір алға басқан қадамы кейде сырт көзге елеусіз көрінуі мүмкін. Бірақ өздігінен әрекет ету, сабаққа араласу, қатарластарымен тіл табысу секілді күнделікті дағдылардың әрқайсысы – үлкен еңбектің нәтижесі.