Транспорт және логистика. Жаңа Жібек жолының ең ірі бекеті
«Алтынкөл» ТМД елдерінде теңдесі жоқ микропроцессорлық орталықтандырумен жабдықталған заманауи логистикалық хаб.
Ол Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттыру мақсатында 2012 жылы қолданысқа берілді. Жетіген-Қорғас теміржол дәлізінің негізгі бекеті. 3 парк бойынша қызмет ететін кешен заманауи алып инфрақұрылымымен мақтана алады. Мұндағы жүктерді тиеп-түсіру жұмыстарының жылдамдығы әлемнің өзге кешендерінің қызметінен кем түспейді. Бекет жайлы толығырақ бағдарламада таныс боласыздар.