Транспорт және логистика. Теміржолшыларды даярлайтын орталық
Теміржол саласы ел экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің транспорттық жүйесінің негізі болып табылады.
Күн сайын елімізде мыңдаған пойыз қатынайды. Бірінде достарына, туыстарына асыққан жолаушылар болса, ал енді бірінде шетел нарығына ұсынылатын экспорттық өнімдер тиелген. Сол пойыздарды межелеген жеріне қауіпсіз әрі уақытылы жеткізу теміржол мамандарының қолында.
Жоғары білімі бар әрбір қызметкердің кәсібилігіне сөз жоқ. Дегенмен, жыл сайын отандық шойын жол индустриясы инновациялық технологиялармен толығып отырады. Оларды игеру үшін теміржолшылар арнайы біліктілік курстарынан өтеді. Орталықта қанша адам біліктілігін жетілдіреді? Білім ордасында оқу процесі қалай ұйымдастырылған? Толығырақ бүгінгі шығарылымнан біліңіздер.