Транспорт және логистика. Қазақстанның транзиттік әлеуеті

фото: Nurqanat Baizaq

Жаңа жолдардың салынып, ескі жолдардың жөнделуіне «Нұрлы жол» бағдарламасы септігін тигізіп жатыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бері көлік және логистика саласының ілгері жылжуына осы жоба үлесін қосты. Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Ақтау-Бейнеу сияқты бағыттар жүзеге асырылды. Аймақтағы елді мекен тұрғындары да заманауи мінсіз жолдардың берекесін көрді.