Транспорт және логистика. Еврокоптер тікұшақтары
Жаңа Зеландияда 3 мың адамға 1 ұшақтан келсе, Қазақстанда 50 мың адамға 1 ғана ұшақ.
Ең алғашқы тікұшақ әуеге 1907 жылы көтерілген. Осы сәттен бастап тікұшақтар құрылысы үлкен қарқынмен дами бастады. Қазақ жерінде 2011 жылы алғашқы екі дана еврокоптер тікұшақтары құрастырылған болатын. Бүгінгі бағдарламада осы ұшақтарды шығаратын зауыттың келбеті мен ұшақтың мүмкіндіктері жайында толығырақ тоқталатын боламыз.