Транспорт және логистика. Қауіпсіз әрі жайлы көліктер
Бүгінгі таңда елімізде көлік кешенін жетілдіру жолында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Солардың бірі мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустар. Бұлар үлкен қалада бала қауіпсіздігін қаншалықты сақтайды? Әзірге пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылған такси қызметі жолаушыларға берер жайлылықтан бөлек тағы қандай талаптарды орындауы тиіс? Қоғамдық көліктердің халыққа сапалы қызмет етуі үшін көлік кешеніне енгізіліп жатқан жаңалықтар жайлы бүгінгі шығарылымда айтамыз.