Транспорт және логистика. Еліміздің шығыс қақпасы
Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін жаңа Жібек жолының бір тармағы «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығына бет алды.
Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған көпір болғандықтан, қос құрылық арасындағы сауда-саттық мәселесін жолға қоюы экономикаға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Ұлы Жібек жолын қайта жандандыру осы межені бағындырудағы алғашқы қадам. 2002 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына жасаған іссапарында шекара маңы ынтымақтастығы «Қорғас» халықаралық орталығын құру мәселесін ұсынған болатын. Нәтижесінде 2004 жылдың 24 қыркүйегінде аталмыш орталықты құру туралы келісім жасалды. Сол уақыттан бастап бірнеше кезеңнен тұратын алып жобаның құрылысы басталды.