Қазақ поштасының бүгіні мен ертеңі
Темірдің тілін тауып, технологиясы тау асқан Қытайдың поштасы бұл. Дрондар арқылы мемлекеттік China post компаниясы шалғайдағы елді мекендерге жедел жеткізуді қамтамасыз етіп отыр. Қытайдың мемлекеттік пошта бюросының мәліметіне сәйкес 2024 жылы тасымалданған сәлем-саухат көлемі алғаш рет 150 миллиардтан асқан. Ал біздегі жағдай қандай? Әрине кептермен сәлемдеме жөнелтіп жүрген жоқпыз. Бірақ пошта тасыған дрондарды да байқамадық. Сонымен ұлттық пошта операторының бүгінгі хәлі қандай деген сауал сан тараптан сарнап тұр. Қазпоштаның көшке ілесетіндей қарқыны бар ма? Мәселенің түйінін тарқатып көрейік.