Экологиялық мәдениет – елдік іс | Түйін

Тазалық ойда, ниетте, тілде болса, бұл – рухани тазалық. Үйімізді, өзімізді, киімізді таза ұстау – бұл қарапайым гигиеналық талап. Ал қоршаған ортаны, көшені, өзіміз тұрып жатқан қаланың тазалығына атсалысу – бұл экологиялық  мәдениет.

Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр. Тұтас елдің сана-сезімі өзгере бастады. Жастарымыз мұны терең түсінеді. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы.