Президент қолдап отыр: Жас бастықтар көбейді
Қадірі қашқан кадрларды саналы жастар алмастыруы керек. Өйткені алымды жастар алапат күшке ие. Қоғамның қозғаушылары да солар. Осыдан 6 жыл бұрын Президент бастама көтерді. «Мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келу керек», – деді. Осылайша Президенттік жастар кадр резерві жасақталды. Іріктеуден іркілмей өткен жастардың болашағын енді не күтіп тұр? Оларға қандай қолдау көрсетілмек? Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында.