Қыста жылусыз қалсақ, кім жауап береді?
1 сәуірден бастап коммуналдық тарифтерге енгізілген мораторий күшін жойды. Енді су, жылу, жарық, газ секілді қызметтерге төленетін төлем құны бұрынғыдан қымбаттайды. Алайда жаңа тарифтердің бағасы сапасына сай ма? Елдегі коммуналдық желілердің басым бөлігі тозып тұр. Жиналған қаржы ескірген құбырларды жаңартуға жұмсалатынына кім кепіл? Қақаған қыста жұрт жылусыз қалып жатса, кім жауапты? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында.