Теңгенің жаңа түрі шығады: Долларға тәуелді болмаймыз
Қазақстанда ақшаның жаңа түрі пайда болады. Қазіргі қолданыстағы қолма-қол және электронды теңгенің енді үшінші түрі шықпақ. Бұл – цифрлық теңге деп аталады. Жаңа өзгеріс қаржының орынды жұмсалуына және жемқорлықтың жолын кесуге айтарлықтай ықпал етпек. Бұл прогресс пе? Әлде адамның қаржы еркіндігін шектеуге жасалған алғашқы қадам ба? Мұның мемлекетке және халыққа қандай пайдасы бар? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында.