Биылғы жаз оңай болмайын деп тұр | Түйін
Биылғы жаз еліміз үшін оңайға соқпайын деп тұр. 11 облыс қуаңшылықтың қыспағында қалуы мүмкін. Құрғақшылық әсіресе батыс, оңтүстік және орталық аймақтарда қатты сезілуі ықтимал. Салдарынан шаруалар шаш етектен шығынға ұшырап, табыс табудың орнына тақырға отырмай ма? Ал билік синоптиктер болжаған бұл болжамға қалай қарсы тұрмақ? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында.