Күрек тимеген күре жолдардың мәселесі қашан шешіледі? «Түйін»

Қазақстан – батыс пен шығыстың алтын көпірі дегенді жиі айтып жүрміз. Халықаралық транзиттік дәліздегі ірі жобалар жылда қолға алынып жатады. Расымен, осындай іргелі істер жүзе асып жатса, неге бізде жол мәселесінің жыры бітпейді? Керісінше, бастаған істің өзі созбалаңға салынып, халықтың ығырын шығарады. Қай өңірді алып қалсақ та, тақтайдай тегіс жолдарды емес, кедір-бұдыры көп аумақты айтып шағымданады.