Тұтынушы таңдауы. Шұжық
Шұжық - ең көне тағам түрі. Жазбаларда бұл өнім біздің заманымызға дейінгі 500 жылдары пайда болғаны көрсетіледі. Яғни, Грек және Қытай тарихында осы асты бағзыда қолданғаны айтылады. Ал, Еуразия кеңістігінде бұл өнімнің дайындалу үрдісі қашан пайда болғаны белгісіз. Белгілісі сол 12 ғасырдың қолжазбалары сол уақытта шұжықтың болғанын растайды. Осы деректерге қарап тағамның бұл түрін әлем елдері бірнеше ғасыр бұрын тұтынғанын көреміз. Қазіргі күні жаһанда бұл өнімнің 100-ден аса түрі мен сұрыпы бар.