Үлкен спорт. Слоан Стивенс тамыз айының үздік теннисшісі

- Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Рио Фердинанд енді бокспен айналыспақ. 

- Әйгілі Испандық баскетболшы Хуан Карлос Наварро әлі ұзақ уақыт Барселона құрамында болады. Қорғаушы Каталондық клубпен 10 жылға шарт жасасқан. 

- Амиркалық Слоан Стивенс үшін жаздың соңғы айы өте сәтті болды. Ол Әйелдер теннис қауымдастығының нұсқасы бойынша тамыз айының үздік теннисшісі атанды. 

- Феррари алғашқы метрден аса алмады. Макс Ферстаппеннен озбақ болған Кими Райкконен өзінің серігі Себастьян Феттельді қағып кетті.