Үлкен спорт. Деонтей Уайлдер мен Бермейн Стиверннің арасында қарымта матч өтеді
- Мария Шарапова «ВТБ Кремль кубогы» теннис турнирінде оңбай ұтылып қалды. Марияның бұл жолғы қарсыласы славак спортшысы Магдалена Рыбарикова болған.
- «Торонто» хоккей клубының шабуылшысы Патрик Марло 1500-і матчын өткізіп, Ұлттық хоккей лигасы тарихында осы деңгейге жеткен 18-ші ойыншы атанды.
- «Михаэль Шумахердің жағдайы туралы ақпаратты оның отбасы ешқашан жасырмауы тиіс». Бұл даңқты пилаттың бұрынғы менеджері Вилли Вебердің сөзі. «Формула-1» жарысының 7 дүркін чемпионы қазір комада. Аңыз адамның қандай жағдайда екендігін оның отбасы ұдайы жасырып келеді. Олардың бұл әрекеті спорт әлемінде түсініспеушілікке әкеліп отыр.
- «Boxing Scene» басылымы WBC чемпионы Деонтей Уайлдердің алдағы уақытта Бермейн Стивернмен қарымта матч өткізетіндігін жариялады. Спортшылардың өкілдері ресми келісім жасап та үлгерген.
- 2018 жылы британдық боксшы Энтони Джошуа Тайсон Фьюримен қолғап түйістіреді.