Үлкен спорт. Криштиану Роналду тағы да «Ең үздік ойыншы» атанды

- FIFA нұсқасы бойынша мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду осымен екінші рет «ең үздік ойыншы» атанды. Футбол федерациясының сайтында жарық көрген сұхбатында спортшы бұл жетістікке жету оңай болмағанын айтады. 

- Туриндік «Ювентус» пен  Италия құрамасының голкипері Джанлуиджи Буффон «талаптары орындалса» спортпен қош айтыспайтынын мәлімдеді. 

- Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік өткен ғасырдың соңындағы Қытай спортшыларының допинг қолданған қолданбағанын тексеруге кірісті. Бұл тексеруге бір бапкердің осыдан 5 жыл бұрын жарық көрген сұхбаты себеп болған, деп жазады француздық Le Monde басылымы.