Үлкен спорт. Тайсон Фьюри шаршы алаңға оралады
- Спорттан өмір бойына аластатылған Александр Легков пен Евгений Белов есімді ресейлік шаңғышылар 2014 жылғы Сочи олимпиадасында алған медальдарынан айырылды, деп хабарлайлы Lenta.ru.
- Жеңілістен көз ашпаған Кавальерс баскетболшылары сәтсіздіктің себебін іздеп әлек болып жатыр. Бұл ақпарат Ұлттық баскетбол қауымдастығының ресми сайтында жарияланған.
- Испандық теннисші Рафаэль Надаль 2017 жылдың қорытындысы бойынша ATP рейтингінде үздік көрінді.
- Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюри арасындағы айқас келер жылы өтуі мүмкін. Тайсон Фьюри шаршы алаңға соңғы рет 2015 жылдың қарашасында шыққан екен. Сол кездесуде ол төрешілер шешімімен украиндық Владимир Кличконы жеңген болатын.