Үлкен спорт. Оңтүстік және Солтүстік Корея спортшылары Олимпиадада арнайы сөздікпен тілдеспек

Олимпиадада бағын сынайтын Солтүстік және Оңтүстік Корея спортшылары жаттығу барысында бірін-бірі түсіне алар емес. Екі елдің біріккен олимпиада құрамасы хоккейшілерінің бірге жаттығуларына тілдегі айырмашылық кедергі жасап отыр. Осы мәселені шешу үшін Оңтүстік Кореялық хоккей федерациясының басшылығы арнайы сөздік құрастырған.