Үлкен спорт. Норвегия спортшылары бұл жолы да шаңғы жарысынан ешкімге дес бермеді

Қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған норвегтердің қоржынында 14 алтын, 14 күміс және 11 қола жүлде бар. Егер немістер 1 алтын медалді артық иеленсе, Германияның бәсі басым болуы мүмкін еді. Осылайша Пхёнчхандағы ойында медаль саны бойынша норвегтер көш бастады.