Үлкен спорт. Татьяна Кальдерон «Формула-1» тарихында ең алғашқы әйел пилот атануы мүмкін

Autoweek басылымының жазуынша, Татьяна Кальдерон «Формула-1» тарихында соңғы ширек ғасырдағы ең алғашқы әйел пилот атануы мүмкін. Өткен жылы «Заубер» командасын дамыту жөніндегі пилот болып тағайындалған спортшы, биыл сынақшы болып бекітілген.