Үлкен спорт. Головкин мен Альварес арасындағы қарымта кездесу өтпей қалуы мүмкін
Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта кездесудің өтпей қалуы әбден мүмкін. Ақпан айындағы кездесу кезінде Канеллоның допинг сынамасынданан тыйым салынған кленбутерол заты табылған болатын. Кейінгі сынақтар теріс нәтиже көрсетсе де, Невада штатының атлеттік комиссиясы Альварестің ісін 10 сәуірде қарайтын болды.